Олимпиадалар

Ақылды балақайлар

«Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтықтан олимпиадалар өткізу орталығы Сізді  «Ақылды балақайлар» атты мектеп жасына дейінгі балаларға арналған республикалық олимпиадаға қатысуға шақырады

(өтінімдер мен материалдар 2018 жылдың  11 маусымына  дейін қабылданады)

 

«Кей кезде талант өзі келеді, кей кезде өзің барасың, сондықтан қарап жатпай үмітіңді үздіксіз жалғастырып еңбектене бер. Ізденген келер мұратқа»

Халық даналығы

Мектеп жасына дейінгі кезең бала қабілеттерін дамытуға ең оңтайлы кезең болып саналады. Мектепке дейінгі жаста бала нақты бейнелерді қолданады, бұл баланың түйсігі, әсерленгіштігі, елестететін бейнелерінің нақтылығы жақсы дамыған кезі. Баланың қоршаған ортаға деген елгезектігі, бай фантазиясы, шығармашылық ойы оған ұқыпты қарауды және әр баланың қабілеттерін сақтап, әрі қарай дамыту бойынша жұмыс жүргізуді талап етеді.

«Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтықтан олимпиадалар өткізу орталығы «Ақылды балақайлар» атты мектеп жасына дейінгі балаларға арналған олимпиада өткізетіндігі туралы хабарлайды. Олимпиада тапсырмалары математика, тілді дамыту және қоршаған орта бойынша сұрақтардан тұрады. Тапсырмалар тартымды  және балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.

Олимпиада мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік қабілетттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар жасау.

Олимпиада міндеттері:

  • балалардың өз білім-біліктерін қолдануына жағдай жасау;
  • зияткерлік қабілеттері жоғары балаларды анықтау және қолдау;
  • мектепке дейінгі жастағы дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен алмасу.

 

Өтінішті жүктеу 

Банк деректемелерін жүктеу

Қатысу  ережелері

1.  Олимпиадалар  «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтан олимпиадалар өткізу орталығымен өткізіледі.

2. Олимпиаданы  ұйымдастырушылар реттейді:

– әділқазылар  алқасының құрамы мен ұйымдастыру комитетін.

– олимпиаданың мерзімі  мен өткізілу  тәртібін.

3. Олимпиаданың   өткізілу мерзімі 8 қаңтар – 11 маусым  2018 жыл   аралығында сырттай    www.nurly-bolashak.kz ғылыми- танымдық балаларға  арналған  сайтында өткізіледі.

4. Өтініштер осы Қатысу Ережелеріне сәйкес 1-4 сыныптарға nurly-bolashak@mail.ru  және 5-11 сыныптарға nurly-bolashak5-11@mail.ru эл. пошталарына 2018 жылдың 11 маусымына дейін қабылданады.

5. Әрбір қатысушының тіркелу жарнасы 500 теңгені құрайды. Төлем банк бөлімшелерінде, Қазпоштада, Qiwi терминалдарында келесі деректемелер бойынша төленеді:

1)      Банктік деректемелер:

АО «Народный банк Казахстана»

БИК банка HSBKKZKX

ИП «Республиканский центр дистанционных олимпиад «Нұрлы болашақ»

KZ626010131000217468

Код 19

КБЕ 19

КНП 861

ИИН 950221401509

2)      QIWI кошелёк: +7 775 579 98 50

Төлем туралы түбіртектің сканерленген немесе  фотосурет ретіндегі көшірмесін (анық оқылуы тиіс) және толтырылған өтініштерді 1-4 сыныптарға nurly-bolashak@mail.ru  және 5-11 сыныптарға nurly-bolashak5-11@mail.ru эл. пошталарына жібересіз.

6.Сіз  www.nurly-bolashak.kz сайтына  тіркеліп, «жеке кабинетте» төлем жасауға  арналған   түбіртекті   жүктей аласыз және «өтініш» формасын жолдайсыз.

7.Егер Сізге сайтқа тіркелу, жеке кабинет, ашып өтініш  беру  жұмыстары қиындық  келтірсе, онда Сіз  өз  жұмысыңызды  жеңілдете  аласыз.  Ол үшін Сіз 1-4 сыныптарға nurly-bolashak@mail.ru  және 5-11 сыныптарға nurly-bolashak5-11@mail.ru эл. пошталарына өтініш және төлем туралы түбіртектің сканерленген немесе  фотосурет ретіндегі көшірмесін (анық оқылуы тиіс) көшірмесін жібересіз.

8.Төлем расталғаннан кейін Сіздің поштаңызға олимпиада тапсырмалары жолданады.

9. Бес жұмыс  күні  ішінде сіз олимпиада тапсырмаларын  орындай отырып, көрсетілген мерзімнен  кешіктірмей жауаптарды nurly-bolashak@mail.ru поштасына  жібересіз.

10. Нәтижелер сіздің  жауаптарыңыз  келгеннен  кейін 10  жұмыс  күні  ішінде  шығарылады.

11. Жұмыстар   тексеріліп  болғаннан кейін қатысушылар өз  нәтижелері  жайлы мәліметтер және ақысыз электронды Сертификаттар, ал  жүлдегерлер  мен  жеңімпаздар Дипломдарды жолданған электронды роштасына  алады. Мұғалім- кураторлар Куәліктер алады.

Марапаттау материалдары өтініштер түскен электронды поштасына жолданады.

Өтінішті жүктеу 

Банк деректемелерін жүктеу

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған