Олимпиадалар

Қазақ тілі пәнінен қашықтан өткізілетін олимпиада

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.  Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, орамдылығымен және ұтымдылығымен өлшенеді.

Қазақ  тілі өте  бай тіл. Жас ұрпаққа   ана  тілін  ылайықты меңгертіп,   өз ана  тіліне деген  құрмет  сезімін арттыру, өз  ұлтына , еліне  деген  сүйіспеншілігін  ояту , қазақ тілінің мәртебесін  көтерудегі   үлкен іске біздің  қосқан    кішкентай  үлесіміз.

Мақсаты  мен  міндеттері:

 -Қазақ  тілінде  таза сөйлеп, жазуға, ойын  еркін жеткізе алуға үйрету;

-Қазақ  тілін  терең меңгеруге  деген қызығушылығын  арттыру;

-Өз ана  тіліне деген  құрмет  сезімін   дамытып, өз  ұлтына , еліне  деген  сүйіспеншілігін  қалыптастыру.

 

Өтінішті жүктеу 

Банк деректемелерін жүктеу

Қатысу  ережелері

1.  Олимпиадалар  «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтан олимпиадалар өткізу орталығымен өткізіледі.

2. Олимпиаданы  ұйымдастырушылар реттейді:

– әділқазылар  алқасының құрамы мен ұйымдастыру комитетін.

– олимпиаданың мерзімі  мен өткізілу  тәртібін.

3. Олимпиаданың   өткізілу мерзімі 8 қаңтар – 11 маусым  2018 жыл   аралығында сырттай    www.nurly-bolashak.kz ғылыми- танымдық балаларға  арналған  сайтында өткізіледі.

4. Өтініштер осы Қатысу Ережелеріне сәйкес 1-4 сыныптарға nurly-bolashak@mail.ru  және 5-11 сыныптарға nurly-bolashak5-11@mail.ru эл. пошталарына  2018 жылдың 11 маусымына дейін қабылданады.

5. Әрбір қатысушының тіркелу жарнасы 500 теңгені құрайды. Төлем банк бөлімшелерінде, Қазпоштада, Qiwi терминалдарында келесі деректемелер бойынша төленеді:

1)      Банктік деректемелер:

АО «Народный банк Казахстана»

БИК банка HSBKKZKX

ИП «Республиканский центр дистанционных олимпиад «Нұрлы болашақ»

KZ626010131000217468

Код 19

КБЕ 19

КНП 861

ИИН 950221401509

2)      QIWI кошелёк: +7 775 579 98 50

Төлем туралы түбіртектің сканерленген немесе  фотосурет ретіндегі көшірмесін (анық оқылуы тиіс) және толтырылған өтініштерді 1-4 сыныптарға nurly-bolashak@mail.ru  және 5-11 сыныптарға nurly-bolashak5-11@mail.ru эл. пошталарына жібересіз.

6.Сіз  www.nurly-bolashak.kz сайтына  тіркеліп, «жеке кабинетте» төлем жасауға  арналған   түбіртекті   жүктей аласыз және «өтініш» формасын жолдайсыз.

7.Егер Сізге сайтқа тіркелу, жеке кабинет, ашып өтініш  беру  жұмыстары қиындық  келтірсе, онда Сіз  өз  жұмысыңызды  жеңілдете  аласыз.  Ол үшін Сіз 1-4 сыныптарға nurly-bolashak@mail.ru  және 5-11 сыныптарға nurly-bolashak5-11@mail.ru эл. пошталарына өтініш және төлем туралы түбіртектің сканерленген немесе  фотосурет ретіндегі көшірмесін (анық оқылуы тиіс) көшірмесін жібересіз.

8.Төлем расталғаннан кейін Сіздің поштаңызға олимпиада тапсырмалары жолданады.

9. Бес жұмыс  күні  ішінде сіз олимпиада тапсырмаларын  орындай отырып, көрсетілген мерзімнен  кешіктірмей жауаптарды nurly-bolashak@mail.ru поштасына  жібересіз.

10. Нәтижелер сіздің  жауаптарыңыз  келгеннен  кейін 10  жұмыс  күні  ішінде  шығарылады.

11. Жұмыстар   тексеріліп  болғаннан кейін қатысушылар өз  нәтижелері  жайлы мәліметтер және ақысыз электронды Сертификаттар, ал  жүлдегерлер  мен  жеңімпаздар Дипломдарды жолданған электронды роштасына  алады. Мұғалім- кураторлар Куәліктер алады.

            Марапаттау материалдары өтініштер түскен электронды поштасына жолданады.

Өтінішті жүктеу 

Банк деректемелерін жүктеу

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған