Орталық туралы

 Құрметті достар ! 

«Нұрлы болашақ» қашықтықтан олимпиадалар өткізу орталығының сайтына қош келдіңіздер ! 

Біздің орталық қызықты олимпиадалар мен байқауларды әртүрлі пәндер мен түрлі тақырыптар бойынша өткізеді.

Біздің қызықты іс-шараларымызға  кез келген білім мекемесінің 1-11 сынып оқушылары мен мектепке дейінгі жастағы балалар қатыса алады.

Әлем  саналуан  және  таңғажайып   қарқынмен  даму үстінде. Жаңа компьютерлік  технологиялар, ғаламтор желісі Жердің барлық  нүктелерін жақындатып тастады. Ғаламторды  пайдаланудан  туындаған мүмкіншіліктердің шегі  жоқ, қазіргі заманға  адамының  өмірі   тегістей виртуалды  кеңістікке көшуде. Білім  беру де – сол  кеңістіктің үлкен  бір  бөлігі.Қазіргі  оқушылар   виртуалды  жағдайда өмір  сүріп  жатыр  десе де  болады. Біздің  міндетіміз  ғаламтордан  білім іздеуге дағдыланған  оқушыларға  ғаламтормен  жұмыс  істеу мәдениетін  меңгерту болып  табылады. Білім беруге  бағытталған  негізделген  Ғаламтор-ресурстары  танымдық  және  оқушылардың  білім деңгейінің  жоғарылауына   сөзсіз ықпалы  етуі тиіс.Біздің орталық – оқушыларға  өздерінің  зияткерлік  мүмкіндіктерін  жүзеге асыруы  үшін жақсы мүмкіндік береді. Сондай-ақ ,біз мұғалімдердің кәсіби дамуына  жағдай жасай  отырып, қабілетті   оқушылармен  жұмыс ұйымдастыруына  септігімізді тигізе   аламыз.Олимпиадаларға қатысқан оқушылар дипломдармен,сертификаттармен, мақтау қағаздармен ынталандырылады.Өзінің нәтижелер портфолиосын жинақтап жүрген оқушы болашақта мақсатты және жүйелі жұмыс жасайтын тұлға болып қалыптасады.

Біздің олимпиадаларға қатысу дегеніміз бұл:

  • жеңімпаздарға  ( І, ІІ, ІІІ  орын)  дипломдар  
  • қатысушыларға  сертификаттар 
  • педагогтарға  дипломдар мен алғыс хаттар

 Мақсаттары:

  • оқушылардың  зияткерлік  деңгейін жоғарылату, өзін – өзі  дамыту  дағдыларын  қалыптастыру;      
  • оқушылардың бойында танымдық  қызығушылықтарын  дамыту  және қалыптастыру, алған  білімдерін  жүйелеу мен тереңдету талпынысын қалыптастыру және ынталандыру;  
  • табысты оқушының қасиеттерін қалыптастыру;

Республикалық  қашықтықтан олимпиадаларды  өткізу орталығымен  қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар саласында  білім беру  қызметін жүзеге асырады.  Біздің  сайт қолдануға өте ыңғайлы. Мұғалімнің  сайтқа тіркелуі олимпиадаға  қатысудағы  алғашқы  қадам  болып  табылады. Тіркеу( белгіленген  мерзім  ішінде)   іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. «жеке кабинетке»»  кіре  отырып, сіз  оқушыңыздың  аты-жөнін, сыныбын,  таңдаған іс -шараның түрі  мен куратор- мұғалімін  көрсетіп, тіркейсіз.  Өткізілген  іс- шараның нәтижесі бойынша қатысушылар І-ІІІ дәрежелі  жеңімпаздар дипломдармен , қатысушы сертификатымен, ал оқушыларды  дайындаған  мұғалімдер де дипломдармен  мараппаталады. Мұндай іс-шараларға қатысу және жүлделі орын алып, жетістікке жету  мұғалім  мен  оқушының  портфолиоларын  толықтыруларына  үлкен  үлес  қосады.